БҚО: Департамент бөлімшелерінде медициналық пункт пен санитарлық бекеттер құру туралы!

БҚО: Департамент бөлімшелерінде медициналық пункт пен санитарлық бекеттер құру туралы!

БҚО: Департамент бөлімшелерінде медициналық пункт пен санитарлық бекеттер құру туралы!

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Тұрғымбаевтың 2020 жылғы 11 шілдедегі жедел Кеңесінің шешіміне сәйкес, Батыс қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі-Департамент) бөлімшелерінің жеке құрамын короновирустық инфекциядан қорғау мақсатында және Департамент бастығының 2020 жылғы 29 шілдедегі №116 «Департамент бөлімшелерінде медициналық пункт пен санитарлық бекеттер құру туралы» бұйрығымен департаменттің барлық бөлімшелерінде «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Батыс Қазақстан облыстық филиалының базасында бұрынғы алғашқы дайындық мектебінің ғимаратында 2 төсек-орынға медициналық пункт және 39 санитарлық бекеттер ашылды.

Медициналық пункттер оңалту үшін және қызметкерлердің денсаулық жағдайына одан әрі қолайлы әсер ету үшін құрылған, өз кезегінде санитариялық бекеттерді құру жеке құрам арасында вирустық инфекцияның таралуын уақтылы анықтауға және жібермеуге бағытталған. Барлық санитарлық бекеттер мен медициналық пункт қажетті медициналық мүлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, Департамент бастығының 2020 жылғы 10 шілдедегі №108 «Жеке құрамды коронавирустық инфекциядан қорғау және Департамент бөлімшелеріндегі эпидемиологиялық жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу жөніндегі комиссия құру туралы» бұйрығымен құрамында департамент бөлімшелерінің басшылары бар жұмыс комиссиясы бекітілді. Осы комиссияның жұмысы «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №326 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылған. Комиссияның деректерін талдау, сондай-ақ жеке құрамды қорғау жөніндегі шаралар апта сайын аппараттық кеңестерде қаралады.

Аурудың таралу қаупін азайту мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен Маска режимін қатаң сақтау, медициналық қолғаптарды кию және жеке гигиена туралы, оның ішінде бақылау объектілерінде тексерулер жүргізу кезінде санитариялық-түсіндіру жұмыстары мен нұсқаулықтар ұйымдастырылып, жүргізіледі. Департаменттің қызметтік үй-жайларында міндетті дезинфекция жүргізіледі, «COVID-19» жұқтырғандармен байланыста болған лауазымды адамдар дереу ПТР тест тапсыруға жіберіледі. Үнемі қашықтық әдісімен психологтар Департамент бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық климатқа зерттеу жүргізеді.

 

 

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс

бөлімнің аға офицері

аға лейтенант Тумангалеев Р. Э.

ҚР ІІМ ТЖК КТИ КОФ 3 курс курсанты

Тобанияз А.М.