Шыңғырлау ауданының ТЖБ қызметкерлері суға түсу орындарына рейд жүргізді

Шыңғырлау ауданының ТЖБ қызметкерлері суға түсу орындарына рейд жүргізді

Шыңғырлау ауданының ТЖБ қызметкерлері суға түсу орындарына рейд жүргізді

 

Шыңғырлау ауданының ТЖБ, № 23 ӨСБ қызметкерлері және де аудандық ішкі істер бөлімі кызметкерлерінің қатысуымен,  Елек өзенінің және Қонақай көлінің суға түсу орындарына рейд жүргізуді ұйымдастырды.

Бұл ұйымдастырылған рейдтің мақсаты тұрғындарға судағы ережелерді сақтауды көрсету. Сол себептен үнемі тұрғындар арасында статистикалық тіркелген қайғылы жағдайларды әңгімелеу арқылы алдын алу жұмыстарын жүргізіп аудан суқоймаларындағы төтенше жағдайдан құтылудан көмектеседі деп білеміз. Рейд жүргізу уақытында қызметкерлер арқылы демалушылармен әңгіме жүргізіліп, адамдардың өліміне басты себеп мас күйінде суға түсу, тыйым салынған орындарға суға түсуге, балаларды үлкендердің қарауынсыз су бойында қалдыруы бойынша түсіндірілді.

Бір өкініштісі балалар қауіпсіздік ережелерін сақтамай суға түсу маусымын бірінші болып ашады. Бір белгілісі, ата-аналардың көбінісі балаларының қайда жүргенін біле тұру, демек бұл дегеніміз, өз балаларының қауіп қатерге ұшырауына тыйым салмайтыны деу. Ешкімде келеңсіз оқиғадан сақтандырылмаған. Сондықтан ата-аналарға тағыда төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арқылы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп және де өздерінің балаларына түсіндіру, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру, артынан өздерін кінәламауы үшін әңгімелер жүргізілді. Өйткені суқоймалардағы ережелердің бұзылушылығынан көптеген жағдайларда суға кетіп, қайғылы жағдайларға душар етуде.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арқылы демалушыларғы қараусыз күйде от жағуға, сөндірілмеген темекі қалдықтарын тастауға, балалардың сіріңкемен ойнауына бақылау жасап жол бермеуі жөнінде түсіндірілді. Рейд жүргізу уақытында барлық демалушыларға аудан суқоймаларында сақ болуға, судағы қарапайым қауіпсіздікті сақтаулары жөнінде жадынамалар таратылды. Қандай да болмасын өрт оқиғалары орын алған жағдайда «101» телефонына хабарлау. Өздерінің денсаулығымен өмірін сақтауларына! Алдын алу іс-шаралары суға түсу кезеңі аяқталғанша жалғастырылады. 

 

Шыңғырлау ауданының ТЖБ-нің аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

Ж. Дулатов