Судағы қауіпсіздік акциясы

Судағы қауіпсіздік акциясы

Судағы қауіпсіздік акциясы

 

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылдың 24 шілдесі мен 24 тамызы аралығына «Судағы қауіпсіздік» айлығын жариялады. Ағымдағы жылдың 29 шілдесі күні Ақжайық ауданы аумағында орналасқан су қоймаларында суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың қазасын болдырмау мақсатында су қоймаларының жағалауларына №6 Құтқару бөлімі, Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық Полиция бөлімі, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесе рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтік шара барысында суға шомылып жүрген демалушыларға судағы сақтық шаралары мен қауіпсіздік ережелерін дыбыс зорайтқыш қондырғылары арқылы түсіндіріліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырылған шараға құтқару бөлімінің моторлы қайығы арқылы, арнайы автокөлікпен және жаяу патрульдеу жүзеге асырылды.

Атап өтсек рейд кезінде құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға әкімшілік хаттамалар толтырылып жаднамалар таратылды.

 

Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі