Жемқорлықтың алдын алу мәселелері күшейтілді

Жемқорлықтың алдын алу мәселелері күшейтілді

БҚО төтенше жағдайлар департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ведомствоаралық кеңес ұйымдастырды.

Аталған шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары М. Қасымов, «RESPUBLICA» партиясының БҚО филиалы төрағасы Д. Мақатов және департаменттің құрылымдық, бағынысты бөлімдерінің басшылық құрамы қатысты.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны бірлесіп қалыптастыру бойынша ұсынымдар беріліп, жемқорлықтың алдын алу мәселелерін күшейту туралы шешім қабылданды.

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі