
Бөрліде өзен жағалауларындағы профилактикалық шаралар жалғасуда
Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтық қорғау қызметінің 9,13,28-өрт сөндіру бөлімдері мен жергілікті полициямен бірлесе судағы қауіпсіздікті түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.
Судағы адам қазасының негізгі себебі ол халықтың қауіпсіздік ережелерін бұзуы және шомылуға арнайы белгіленбеген жерлерде суға түсуі. Азаматтық қорғау қызметкерлері су қоймаларында төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Балалармен қоса халыққа, балықшыларға танымдық шаралар, яғни әңгімелесулер мен дәрістер өткізуде. Профилактикалық жұмыстарға бұқаралық ақпараттар құралдары өкілдері де белсенділік білдіруде.
Азаматтар көп шоғырланатын орындарда «Судағы қауіпсіздік», «Судағы зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету» тақырыптарында көрнекілік ақпараттық тақталар ілінді. Ауданның суға түсуге тыйым салынған қауіпті су қоймаларына 24 тыйым салу белгісі орнатылды.
Балаларды басты назарға ала, Төтенше жағдайлар бөлімі Білім беру бөлімімен бірлесе балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар атқаруда. Балалардың жаз кезіндегі су айдындарындағы қауіпсіздігін ұйымдастыруды ата-аналарға ескерту, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетуге үйрету мақсатында мектептерде өткізілген онлайн-жиналыстарға қатысу ұйымдастырылды.
Бөрлі ауданының Пролетарка ауылындағы «Бірігіп қатердің алдын аламыз» тақырыбында қауіпсіздік акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты –тіршілік әрекет қауіпсіздігінің негіздері жөнінде оқыту жұмысының нәтижесін арттыру, сауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар құтқарушы мамандығын кеңінен насихаттау болып көзделді.
Су айдандырында қаза болуды болдырмау, азаматтар көп жиналып суға түсетін орындарда қауіпсіздікті бұзбауды қадағалау мақсатында ауыл әкімдері мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе демалыс, мейрам күндері рейдтер, қауіпті жерлерді патрульдеу ұйымдастырылуда, шара барысында профилактикалық әңгімелесу мен су қауіпсіздігі бойынша қағидалар жазылған жаднамалар таратылуда.
Бөрлі ауданы ТЖБбас маманы
азаматтық қорғау майоры
А. Идалиева