Президент Жолдауы орындалуда

 Президент Жолдауы орындалуда

 Президент Жолдауы орындалуда

 

Президент Жолдауы Қазақстан халқының және билігінің алдындағы шешілуге тиісті мақсат-міндеттер, жоспарлар мен шаралар. Олар қоғамның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы міндетті. Ғылыми негізделген, осындай нақты міндеттерді шешу жоспарлары бар мемлекеттер ғана ойдағыдай дамуға қол жеткізеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне жауап берді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында «Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған  Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек» деді.

Сонымен қатар, өз Жолдауында Президент алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс келесі шараларды атаған болатын. Олар: азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономиканы қарқынды дамыту және оны инклюзивті ету, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінің міндеттерін орындау және өңірлерді дамыту.

Осы жолдаудағы жүзеге асырылуы тиіс міндеттерге байланысты  Батыс Қазақстан облысы  Төтенше жағдайдар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қызмет) қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне  Жолдауға қатысты жүктелген міндеттер беріліп, орындалды. Мәселен, 2020 жылы Президент Жолдауына байланысты аудандық өрт сөндіру бөлімдерінде тағы бір мәрте сабақтар өткізіліп, БАҚ беттеріне өткізілген жұмыстар жөнінде мақалалар салынды. 

Президентіміз Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялағаны баршаға аян. Осы жарлыққа байланысты  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесі бірқатар жұмыстар атқарды.

Мәселен, 2020 жылдың 30 сәуірі күнгі «Bizbirgemiz07» қайырымдылық акциясы аясында «ҚР ІІМ ТЖК БҚО  ТЖД ӨС және  АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ  қызметкерлері және Облыстық «Нұр Отан» партиясының «Jasotan_bko»  волонтерлері бірлесе отырып 10 мұқтаж көп балалы және аз қамтылған сонымен қатар  2,3-топ мүгедектеріне әлеуметтік маңызды пакеттер апарып берді.

2020 жылдың 6 мамыры күні аталмыш акция аясында «ҚР ІІМ ТЖК БҚО  ТЖД ӨС және  АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ  қызметкерлері және Облыстық «Нұр Отан» партиясының «Jasotan_bko»  волонтерлері бірлесе 10 мұқтаж көп балалы және аз қамтылған сонымен қатар  2,3-топ мүгедектеріне әлеуметтік маңызды пакеттер апарып берді.

Еріктілер жылында атқарылатын осындай қайырымдылық шараларына өртке қарсы қызмет саласы алдағы уақытта да үлес қосатын болады.

 

 

 «Батыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы