БҚО ТЖД-да 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығының деректерін қоса 2-ші тоқсандағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы туралы брифинг өтті

БҚО ТЖД-да 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығының деректерін қоса 2-ші тоқсандағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы туралы брифинг өтті

БҚО ТЖД-да 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығының деректерін қоса 2-ші тоқсандағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы туралы брифинг өтті

 

2020 жылғы 29 шілдеде «AQJAIYQ» телеарнасының алаңында «2020 жылдың 1-ші жартыжылдығының деректерін қоса 2-ші тоқсандағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы бойынша» брифинг өтті. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж. Жұмашев сөз сөйледі.

Батыс Қазақстан облысында 2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы өрт жағдайы келесі негізгі көрсеткіштермен сипатталды:

- 230 өрт тіркелді, бұл 2019 жылдың осы кезеңіне қарағанда 11,8% - ға азайды (261 өрт);

- өрттен болған материалдық шығын 8 млн. 269 мың 815 теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға төмен (2019 жылы – 11 млн. 082 мың 900 теңге);

- өрт салдарынан 3 адам қаза болды, өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 1 жағдайға аз (2019 жылы – 4 адам);

– 7 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, бұл өткен жылдың осы кезеңінен 1 жағдайға аз (2019 жыл – 8 адам);

Облыс қалаларында 95 өрт болды, ауылдық елді мекендерде 135 өрт тіркелді. Өрттен келген шығынның негізгі үлесі ауылдық елді мекендерде орын алып тұр және 7 млн. 796 мың 163 теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың осы кезеңінде облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерде 11 адамды, 75 млн.300 мың теңге құрайтын материалдық құндылықтарды құтқарды.

 

 

Тұрғын үй секторындағы өрттер

2020 жылдың 1 жартыжылдығында тұрғын үй секторында 153 өрт тіркелді, бұл 2019 жылдың осы кезеңіне қарағанда 18,6% - ға төмен (174 өрт). Өрттен келген материалдық шығын 45 мың теңгені, 2019 жылы 6 млн.900 мың теңгені құрады.

Халықтың тұрмыстағы қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы тұрғын үй секторында өрттің пайда болуының негізгі себептерінің бірі, яғни отпен абайсыз болу 59,5% немесе 137 өрт және электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу 27% немесе 62 өрт болып табылады.

Бүгінгі күні пәтерлерде және тұрғын үйлерде әртүрлі жанғыш заттармен, синтетикалық материалменн және әртүрлі тұрмыстық техникамен байланысты өрт жағдайы аса күрделенеді. Жоғарыда аталғандар тұрғын үйлерде өрттердің пайда болуының қаупін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар, екінші жағынан да синтетикалық материалдар жанған кезде улы газдардың бөлінуіне байланысты адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өрттің қаупі өте зор екендігін дәлелдейді.

Сонымен қатар, өрт жағдайын қалыптастыруға халықтың әлеуметтік және материалдық жағдайы үлкен әсер етеді.

Тұрғын үй секторында мемлекеттік өрт бақылау жүзеге асырылмайтынын атап өту қажет. Өрт қауіпсіздігіне азаматтар біздің ұсыныстарымызды және жеке санасын сақтаған жағдайда ғана қол жеткізеді.

 

Өрт қауіпті кезеңі

2020 жылдың өрт қауіпті кезеңінің басынан облыс аумағында 14 орман, 40 дала және жалпы ауданы 6125 га болатын 236 жану орын алды.

2020 жылдың маусым-шілде айларында облыс аумағында 37-39 градус, кей жерлерде 40-42 градус тұрақты ыстық ауа райы тұрды. Бұл ретте желдің күші 15-20 м/с жетіп жатты.

Орман және дала өрттерінің негізгі саны ағымдағы жылдың 13-17 шілде аралығында болды, олар облыстың 8 ауданын (Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау) және Орал қаласын қамтыды.

Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешу мақсатында 2020 жылдың өрт қауіпті маусымында өрттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Апта сайын ТЖД мобильді топтары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісіне жол бермеу мақсатында елді мекендер мен саяжай алқаптарында 175 рейдтік шаралар жүргізілді. Осындай іс- шаралар барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 және 367 баптарына сәйкес, қоқысты өртеу және орман алқаптарында от жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны 145 адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

ЕӨСҚ өртті сөндіруге қатысуы

Ағымдағы жылы 236 табиғи жанудың 170-сі (72%) ерікті өрт сөндіру құрылымдары және мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі күшімен сөндірілгенін атап өту қажет.

Мысалы, 2020 жылы 26 мамыр 18 сағат 47 минутта Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында 237 шаршы метр аумақта шаруашылық құрылыстары және 6 тонна шөп өртенді, өрттің көршілес шаруашылық құрылыстарына өту қаупі болды.

Өрт шыққан жерден жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 90 шақырымды құрайды. Бұл ретте алғашқы өрт сөндіруді Базаршолан ауылының ерікті өрт сөндіру құрылымдары жүргізді. Ауылдық округ әкімі Е. Б. Термирғалиевтің сауатты басшылығының және ЕӨҚ жедел әрекеттерінің арқасында ашық өрттің көршілес шаруашылық құрылыстарына өтіп кетуі тоқтатылды және өрт сөндірілді. Сонымен бірге екі бас ірі қара мал құтқарылды.

Көршілес учаскелердегі тұрғын үйлер мен үй малдарын құтқаруда белсенді көмек көрсеткен (құрылымдарды бұзу, суды жеткізу және шөп пен жанғыш материалдарға су шашу) ауыл тұрғындарын (шамамен жетпіс адам) атап өтпеуге болмайды. Осындай әрекеттер біздің азаматтарымыздың ерлік істерінің жарқын мысалы болып табылады.

Бұл ретте Базаршолан ауылдық округі әкімінің де маңызды рөлі бар, себебі ол құтқару бойынша жауынгерлік міндетті «Өте жақсы» бағаға орындаған жауынгерлік қабілетті, ерікті өртке қарсы құралымдарын қалыптастыра алды. Мұндай көрнекі жағдайлар ел азаматтарына еліктеу үшін үлгі болуы тиіс деп ойлаймыз.

 

Дәнді дақылдар мен жем-шөп жинау және дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Дәнді дақылдарды жинау, мал азығын дайындау және оны тасымалдау, сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері жеке назар аударуды талап етеді. Облыс аумағында ағымдағы жылы 513 мың га алқапта ауыл шаруашылығы дақылдары, 159 мың га жаздық дәнді дақылдар, 42 мың га мал азығы дақылдары және 76 мың га майлы дақылдар егілді.

Жыл сайын статистика бойынша дәнді дақылдарды жинау және жем-шөп дайындау кезеңінде егістік және шабындық алқаптарда өрт фактілері жиі тіркеледі, осыған байланысты осы аумақта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Осыған байланысты қазіргі уақытта ауданның ТЖБ қызметкерлері ауыл шаруашылығы бөлімдерімен бірлесе отырып, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы техникаларының жағдайына тексеру жүргізуде.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, дәнді дақылдарды жинау және мал азығын дайындау кезеңi басталмас бұрын, оған жұмылдырылатын барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, жинау агрегаттары мен автомобильдерi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен, дұрыс ұшқын сөндіргіштерiмен жабдықталуы тиіс. Осы орайда, тракторлардың, капоттары жоқ немесе капоттары ашық автомобильдер өзi жүретiн шассилердiң жұмыс iстеуiне және далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол бермеу мақсатында шаруа қожалықтары мен басқа да ауыл шаруашылығы ұйымдары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ірі өрттер

27.05. сағат 18:08-де Орал қаласы Шолохов көшесі 35 мекен-жайында орналасқан "Пивовар" кафесінің бір қабатты ғимараты өртенді, атап айтқанда, кафенің ғимаратына жақын салынған жазғы бөлме айырбастау пунктінің ғимараты өртенді. Жазғы үй-жайдан өрт сөндірушілер 4 тұрмыстық газ баллонын және 2 оттегі баллонын шығарды (өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бір газ баллонының жарылуы болды). Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің алдын ала себебі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе тамақты дайындау үшін мангалды пайдалану кезінде отты абайсыз пайдалану.

Өрт 19 сағ 37 мин. сөндірілді.

Өрт сөндіруге ТЖД-нің 83 қызметкері мен 22 бірлік техникасы қатысты.

 

Табиғи өрттер

Ірі табиғи өрттердің бірі Ақжайық ауданы аумағында пайда болған табиғи өрттер. 13 шілде күні сағат 23сағ. 50мин Ақжайық ауданында Бударин ауылының «Бударин орман шаруашылығы» КММ аумағында шамамен 5 га орман алқабы (терек, тал) өртенді. Жел бағытының күшеюі мен өзгеруіне байланысты (14.07. 10сағ 00мин) Жайық өзенінің сол жағалауынан Теректі ауданы Ақсоғым ауылындағы орман алқабынан Ақжайық ауданы Коловертное ауылындағы тұрғын үйлерге өрт көшті, нәтижесінде Коловертное ауылында 2 үй (бір тұрғын емес) және 4 шаруашылық құрылыс өртенді. Өрт сөндіру барысында 42 адам (барлығы өз үйлеріне оралды), 15 бас ІҚМ, 25 бас ҰҚМ және 30 үй құсы (тауық) эвакуацияланды.

Өрттің себебі-найзағайдың құрғақ оты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау қаласынан өрт сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-884 тікұшағы (3 экипаж мүшесі) тартылды. Тікұшақ арқылы барлығы 65 рет су төгілді. Өрт 2020 жылғы 17 шілдеде 13 сағат 30 минутта толығымен жойылды.

 

Міндеттер:

Екінші жартыжылдықта Департамент алдында азаматтардың ТЖ-дан қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Мемлекет басшысының, Үкіметтің және Министрліктің тапсырмаларын, бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша келесі міндеттер тұр:

- облыс аумағындағы төтенше жағдайды тұрақтандыруға және зардап шеккендердің санын азайтуға, сондай-ақ табиғи өрттер мен жанулардың жедел жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

- өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттер мен жанудың алдын алу, өрттерден мал азықтарын, шабындық және жайылымдық жерлерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтау жөніндегі алдын алу шараларының кешенін орындау;

-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде, адамдар көп жиналатын және тұрғын секторда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу іс-шараларды орындау.