«Судағы қауіпсіздік» айлығы

«Судағы қауіпсіздік» айлығы

«Судағы қауіпсіздік» айлығы

Аулада ыстық жаз. Ыстық күні адамдар өзендер мен көлдерге асығады. Салқын суға шомылу, ыстық құмға аунап, көлдің немесе өзеннің жағасында серуендеу - бұл нағыз жанның рахаты. Мұндай демалыс кезінде судың тек дос қана емес, қауіпті екенін есте сақтау керек. Суға түсу маусымының басталуына қарамастан, карантин аяқталғанға дейін судағы жаппай демалу орындарына баруға жол берілмейді.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 24 шілдесі мен 24 тамызыаралығында «Судағы қауіпсіздік» айлығы жарияланды.

Айлықтын мақсаты - қауіпсіздікті қамтамасыз ету және 2020 жылғы шомылу маусымы кезінде Батыс Қазақстан облысының су қоймаларындағыадам қазасының алдын алу.

Бір ай бойы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен, Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және Экология департаментімен, Батыс Қазақстан облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп қала мен облыстың су объектілеріне қауіпсіздік рейдін өткізеді. Демалушыларғапрофилактикалық әңгімелер жүргізіледі, карантин аяқталғанға дейін жаппай демалу орындарына бару және судағы жүріс-тұрыстың негізгі ережелері түсіндіріледі.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекті рет қала тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді.

Есіңізде болсын! Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" және "101" қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің

офицері лейтенант Калиев А.М.