
Жаңақала ауданыңда үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Жаңақала ауданыңда төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерге орман және дала жануларының қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік тақырыбында жадынамаларын іліп шықты.
Ыстық күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз:
- тұрмыстағы жұмыстар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз;
- тыйым салынатын жерлерде суға түспеңіз;
- далада алау жақпаңыз, темекіні әбден өшіріп, жерге тастаңыз;
- сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз.
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы 101-ге хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды!
Жаңақала ауданының ТЖБ
аға инженері Д.Беркаиров