Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі секция отырысы

Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі секция отырысы

Мектеп директорларына қауіпсіздік шаралары жөнінде тағы да бір мәрте айтылды.

 

Жаңа оқу жылы қарсаңында БҚО ТЖД қызметкерлері облыстың 100-ден аса мектеп директорының қатысуымен өткен білім беру ұйымдары басшыларының семинар-кеңесіне барды.

Кеңес барысында балалардың қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, оның ішінде өрттің, судағы жазатайым оқиғалардың, сондай-ақ балалардың терезеден құлауының алдын алу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлері М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу бойынша тақырыпқа да тоқталып өтті.