Өрт толықтай жойылды

Өрт толықтай жойылды

Өрт толықтай жойылды

 

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

2020 жылғы 23 шілде күні 11 сағат 21  минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО  ТЖД ӨС және  АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ  күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына  Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылы, Заводская 1 көшесінде орналасқан  жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық-құрылыс нысаны және үй аумағында қоқыс қалдықтары мен құрғақ шөп жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Шаруашылық құрылысы нысанының жалпы аумағы 50 ш\м, құрғақ шөптің аумағы 0,3 га құрайды. Өрт 12 сағат 48 минутта оқшауланды. Оқиға орнында  Қызметтің 2 техникасы мен жеке құрамының 9 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт 13 сағат 53 минутта толықтай жойылды.

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде құрғақ шөп пен жеке тұрғын үй аулаларындағы құрылыс нысандары жану оқиғалары жиі орын алуда. Оның салдарынан адамдар зардап шегуі мүмкін. Өрттің шығу себептері – адам факторы жиі орын алады. Жазғы өрт қауіпті кезеңде сақтық шараларын ұстануды сұраймыз. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ