Орман және дала өрттерін сөндіруге арналған өрт сөндіру автоцистерналарын БҚО аудандық әкімдіктерінің балансына тапсыру жүргізілді

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына сәйкес, БҚО әкімінің қолдаухаты және ҚР ІІМ ТЖК келісімі негізінде, 2020 жылғы 22 шілдеде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қаласы)» мемлекеттік мекемесінің    № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында орман және дала өрттерін сөндіруге арналған өрт сөндіру автоцистерналарын БҚО аудандық әкімдіктерінің теңгеріміне тапсыру жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі әкімінің теңгеріміне 1978 жылы шыққан АЦ-40 (Зил-131) өрт сөндіру автокөлігі;

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімінің теңгеріміне 1986 жылы шыққан АЦ-40 (Зил-131а) өрт сөндіру автокөлігі;

         Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Казталов мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне 1989 жылы шыққан АЦ-40 (Зил-431412) өрт сөндіру автокөлігі берілді;

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ