
Қособа ауылында шаруашылық нысандары өртенді
ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ
2020 жылғы 20 шілде күні 16 сағат 38 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Сырым ауданы, Қособа ауылдық округі, Қособа ауылында 3 бірдей шаруашылық нысаны мен 1 жиналған шөп жанғаны жөнінде хабар түсті. 3 азаматтың шаруашылық нысаны жалпы ауданы 215 ш\м және 15 т\н жиылған шөпті, қалған 1 азаматтың 15т\н жиылған шөп пен жалпы аумағы 34 қ\м қоршауды құрайды. Өрт 21 сағат 38 минутта оқшауланды. Оқиға орнында Қызметтің № 14 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері және 1 техникасы жұмыс жасады. Сонымен қатар қосымша жергілікті атқарушы органдар тарапынан 20 ерікті өрт сөндіруші және 5 техника жұмыс жасады. Өрт 23 сағат 50 минутта толықтай өшірілді.
Құрметті тұрғындар, өрттің туындауын болдырмау үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, елеместен, сіз өзіңізге ғана емес жақындарыңызға да қауіп төндіресіз. Өрт шыққан жағдайда дереу «112» құтқару қызметіне немесе «101» номеріне хабарласыңыз.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ