"Московский" сауда орталығындағы өрт-тактикалық оқу жаттығу

"Московский" сауда орталығындағы өрт-тактикалық оқу жаттығу

"Қауіпсіз сауда" акциясы аясында Департамент "Московский" сауда орталығында өрт-тактикалық оқу жаттығу өткізді.

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен өртті шартты түрде сөндіру, сондай-ақ жарақаттанған адамды құтқару жұмыстары пысықталды.

Бұдан басқа, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мен Орал қ. ТЖБ  көрнекі үгіт-насихат материалдарын тарата отырып профилактикалық іс-шара өткізді, сондай-ақ сауда орталығының әкімшілігі мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі