Макарово ауылындағы жеке үйдің өрті сөндірілді

Макарово ауылындағы жеке үйдің өрті сөндірілді

Макарово ауылындағы жеке үйдің өрті сөндірілді

 

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД # «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

 Жазғы өрт қауіпті кезеңінде тұрғын секторда өрт оқиғалары жиі орын алуда. Оның негізгі себептерінің бірі – тұрмыстағы өрт қауіпсіздік қағидаларарын сақтамау.

2020 жылғы 19  шілде күні 13 сағат 08  минутта « ҚР ІІМ ТЖК БҚО  ТЖД ӨС және  АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ  күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Бәйтерек ауданы Макаровский ауылдық округі Макарово ауылында Учительская көшесінде орналасқан 24 үйде өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Жеке үйдің   жатын бөлмесі және ондағы жеке заттар мен жиһаз өртенген. Өрт 13 сағат 58 минутта оқшауланды.  Оқиға орнында  Қызметтің 1 техникасы мен жеке құрамының 5 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.  Өрт 14 сағат 20 минутта өшірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

   

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ