
Жарамды ауыл шаруашылығы техникасы қауіпсіздік кепілі
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #Қаратөбе ауданы #ТЖБ
Қаратөбе ауданы аумағында 2020 жылдың басынан бері 21 дала өрттері мен жанулары орын алып отыр. Өрттер барысында 2926,5 га жер жанып кетті. Дала өрттерінің пайда болуын әсер ететін факторлар көп. Бұның бірі найзағайдың түсуінен. 11 шілдеден бастап 11 дала өрті тіркелді.
Қаратөбе ауданы бойынша далалық құрғақ шөп жану оқиғасы биылғы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге көбейіп отыр. Далалық жұмыстар кезінде өрт оқиғаларына жол бермеу үшін шаруа қожалық иелері немесе ауыл тұрғындары жұмысқа қатыстырылатын барлық техникалардың жарамдылығын тексеру қажет. Жарамсыз деп танылған техникаларды жарамды жағдайда болғанша шөп науқанына пайдаланбаған жөн. Жарамсыз техникалар техникалық байқаудан өтпей далалық жерде өрт оқиғасына жол берген болса, Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімі әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады. Сондай-ақ техникаларда - тракторда бір сап тік күрек, сапалақ және жаңа 1 өртсөндіргіш ОП-3 болу тиісті.
Қаратөбе ауданы ТЖБ