БҚО:  тіпті қауіп жоқ кезде де сақадай-сай адам - қауіптен аман адам

БҚО:  тіпті қауіп жоқ кезде де сақадай-сай адам - қауіптен аман адам

БҚО:  тіпті қауіп жоқ кезде де сақадай-сай адам - қауіптен аман адам

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #Азаматтық қорғаныс бөлімі

1 маусым күні Қазақстанда суға шомылу маусымы басталды және ыстықтың басталуымен Батыс Қазақстан облысының барлық азаматтары табиғатта, атап айтқанда біздің облыстың өзендері мен су айдындарында уақыт өткізгісі келеді.

Көптеген адамдар адам көп жиналатын демалыс орындарынан, мүлдем дайындалмаған және суға түсуге тыйым салынған жерлерде жалғыз болуды қалайды. Дегенмен, есіңізде болсын: ережелерді сақтамау – келеңсіз салдарға ұшыратады. Бұл жерде сөз тек айыппұл туралы ғана емес. Тыйым салынған жерлерде шомылу - өмірге қауіпті.

Сондай-ақ, елімізде жарияланған қатаң карантин қазіргі уақытта 2 тамызға дейін ұзартылды, біздің облыстың барлық тұрғындарын адамдар көп жиналатын жерлерде адамдардың жиналуына, су айдындарында демалуға тыйым салынатыны туралы хабардар етеміз.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті кезекті рет қала тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді.

Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептерінің бірі жүріс-тұрыс ережелерін және қауіпсіздік шараларын бұзу немесе сақтамау. Суға түсу маусымының басталуына қарамастан, карантин аяқталғанға дейін судағы жаппай демалу орындарына баруға жол берілмейді.

Жаз мезгілінде судағы жүріс-тұрыс ережелері.

  • Қоршау белгілерінен тыс жүзбеңіз!
  • Тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз!
  • Шомылғанда камераларды, допты, тақталарды пайдаланбаңыз!
  • Өтетін катерлерге, пароходтарға және қайықтарға бармаңыз!
  • Көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтардан және катерлерден суға секірмеңіз!
  • Бейтаныс жерге түспеңіз!
  • Суда тентектікке жол бермеңіз!
  • Жалған сигналдар бермеңіз!
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Мас күйде шомылмаңыз!
  • Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз!
  • Күшті ағыспен алысқа жүзбеңіз!
  • Жеке және азаматтардың қауіпсіздігін ұмытпаңыз

Есіңізде болсын! Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" және "101"қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің

офицері лейтенант Калиев А.М.