
Су айдындарында ережелерді сақтамай шомылу айыппұл төлеуге әкеледі
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД # «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Суға түсу маусымының басталуымен БҚО ТЖД, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, волонтерлер, сондай-ақ теледидар және қаланың баспа басылымдары өкілдері жыл сайынғы "Су құрбандарына - жол жоқ" алдын алу акциясын өткізді. Аталмыш іс-шара су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы халықты хабардар ету деңгейін арттыру, судағы жазатайым оқиғалар проблемасына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында өткізіледі.
Судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша қолданылып жатқан шараларға қарамастан адамдар су айдындарында суға түсуді жалғастыруда. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері:
- Адамдардың бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуы;
- Алкогольдік мас күйде шомылу;
- Балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау;
- Жүзе алмау.
Су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу және жол бермеу мақсатында жоғарыда көрсетілген әрбір себепті ескерту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Адамдардың су айдындарында келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға назарын аударғым келеді. Демалыс орындарында су айдындарында болған кезде демалушыларға келесілерге жол берілмейді:
- алкогольдік және есірткілік мас күйде шомылуға;
- қайықтан, катерлерден және т.б. суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
- балаларға ересектердің еріп жүруінсіз суға шомылуға;
Сондай-ақ, катерлер мен моторлы қайықтардың жанында, қараңғы түскенде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын есте сақтау керек.
Су айдындарында тәртіп ережелерін бұзған демалушыларға келесі әкімшілік ықпал ету шаралары қарастырылғанын хабарлаймыз.
Біз қалалықтарды әрқашан сақ жүруге және қай жерде болмасаңыз да барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ