БҚО-да «2020 жылдың 13-15 шілдесіндегі БҚО аумағындағы өрттер» тақырыбында брифинг өтті
2020 жылы 14 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс отралығында «2020 жылдың 13-15 шілдесіндегі БҚО аумағындағы өрттер» тақырыбында брифинг өтті, спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы генерал-майор Ж.Қ. Жұмашев сөз сөйледі.
«Казгидромет» РМК БҚФ мәліметі бойынша 14 шілдеден бастап облыс аумағында ыстық болады.
16 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с. 16 шілдеде күндіз 35-39 градус ыстық күтіледі. Орал қ.: 16 шілде күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
17-18 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40-42 градус ыстық болады
13-15 шілде аралығында облыс аумағында 24 өрт тіркелді (17 табиғи өрт, 7 тұрғын үй секторында). Қатты желдің салдарынан электр беру желілерінің 3 зақымдануы, 3 дауылды ескерту тіркелді
ТЖ жағдайлар департаменті Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өрттер, жанулар, табиғи өрттерді тиімді сөндіру және алдын алу (профилактикасы) бойынша облыс Әкімінің өкімін әзірлеп аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жіберді.
Бүгінгі таңда Департаменттің және жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері Ақжайық ауданы Мергеньев а/о, Горячкино а. маңына жіберілді. Жұмылдырылды: «ӨСжАҚЖ» ММ – ж/қ 70 адамы, 8 техника. Орман шаруашылығы ж/қ 8 адам, 2 техника. ЕӨҚ ж/қ 10 адам, 2 бірлік техника
Ақжайық ауданы, Есинсай а /о: "ӨС және АҚЖҚ" ММ ж/қ 3 адам, 1 техника, орман шаруашылығы -5 адам, 1техника ЕӨҚ ж/қ 5 адам, 5 техника жұмыс істеуде.
Ақжайық ауданы, Бударин а/о, Бударин "Бударин орманшылығы" КММ аумағында ЕӨҚ 30 адамы, 3 техникасы жұмыс істеуде.
Өрт сөндірілді, бірақ қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.
БҚО ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы