
Бөрлі ауданында жеке үйдің ауласында өрт шықты
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» #Бөрлі
Жазғы өрт қауіпті кезеңінде қала, аудан және ауыл тұрғындарын қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз! 2020 жылғы 15 шілде күні түнгі 01 сағат 05 минутта « ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында Железнодорожная 24 мекенжайында орналасқан жеке үйдің ауласындағы монша өртенгені туралы хабар түсті. Қызметтің мамандары 01 сағат 06 миунтта аттанды. Өртті 01 сағат 43 минутта оқшаулады. Жеке үйдің ауласындағы моншаның жалпы ауданы 20 кв\м құрайды. Оқиға орынында 2 техника және де жеке құрамның 8 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт түнгі 02:00 сағатта толықтай өшірілді.
Үйдің иесі өрт сөндірушілерге жедел және кәсіби әрекет етіп, мүлкін өрттен аман алып қалғаны үшін өз алғысын білдірді.
Өрт – «тілсіз жау». Ол айтып келмейді. Кешіксең, кешірмейді. Сәл тосылсаң, ол тажал әп-сәтте-ақ айналасын жалмап тынады. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап жүріңіздер!
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ