Бәйтерек ауданындағы өрт сөндірілді

Бәйтерек ауданындағы өрт сөндірілді

Бәйтерек ауданындағы өрт сөндірілді

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»  #Бәйтерек

2020 жылғы 14 шілде күні 15 сағат 51 минутта « ҚР ІІМ ТЖК БҚО  ТЖД ӨС және  АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ  күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Бәйтерек ауданы Чувашка ауылы «Мативосян» шаруа қожалығында 10  га жерді құрайтын  егіс алқабы мен Тайота Ланд Крузер Прадо автокөлігінің жанып жатқаны туралы  хабар келіп түсті.  Қызметтің № 2  МӨСБ қызметкерлері 15 сағат 52 минутта оқиға орнына  аттанды. Өрт 18 сағат 55 минутта  оқшауланды. Барлық жұмылдырылған күштер мен құралдардың үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде өрт 19 сағат 40 минутта толықтай жойылды.  Оқиға орнында 1 техника және 4 қызметкер жұмыс жасады.  Өрттің себебі мен шығындар және кінәлі тұлғалар анықталуда.

Құрметті шаруа қожалықтарының иелері және тұрғындар! Жазғы өрт қаупіті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар! Өрт туралы 101 немесе 112 телефон нөміріне хабарласыңыздар!

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ