Казталов ауданындағы тілсіз жау толық жойылды

Казталов ауданындағы тілсіз жау толық жойылды

Казталов ауданындағы тілсіз жау толық жойылды

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД  #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» #Казталов

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде қала, аудан және ауыл тұрғындарынан қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз!   2020 жылғы 14 шілде күні 09 сағат 34 минутта Казталовка ауданы, Казталовка ауылында Әуезов к. 27 мекенжайында орналасқан, жеке үйдің ауласындағы монша және шаруашылық нысаны өртенгені туралы  «ҚР ІІМ ТЖК БҚО  ТЖД ӨС  және  АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ  күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабар түсті. Қызметтің мамандары 09 сағат 35 миунтта аттанып 09 сағат 39 минутта жетті. Өртті 12:00 сағатта оқшаулады. Жеке үйдің ауласындағы монша мен шаруашылық нысанының жалпы ауданы 60кв\м құрайды.  Оқиға орынында 1 техника мен жеке құрамның 4 қызметкері жұмыс атқарды.   Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт 12 сағат 33 минутта толықтай жойылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін ТЖ қызметкерлері үнемі ескертіп келеді. Өрттердің негізгі  себебі адам факторы, олардың немқұрайлығы, сақтық шараларын сақтамауы.    

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ