БҚО-да орын алған орман өрті бойынша ақпарат

БҚО-да орын алған орман өрті бойынша ақпарат

БҚО-да орын алған орман өрті бойынша ақпарат

 

14 шілде күні сағат 09.27-де Теректі ауданына қарасты Шағатай және Ақсоғым ауылдары маңында құрғақ шөп және бұталар өртенген болатын. Сағат 16.00-де желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, қатты желдің салдарынан өрт Жайық өзенінен асып (өзеннің ені 100-150 м.) Коловертное ауылының шетіне дейін тарады. Оған дейін аталған ауыл маңында 13-інен 14-інші шілдеге қараған түні шамамен 5 гектар жерде өрт болған еді. Өрт салдарынан бір тұрғын үй, бір бос тұрған үй және 4 шаруашылық құрылыс өртке оранды (Коловертное ауылында барлығы 55 үй бар, 130 адам тұрады). Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Өрт басқан аумақтан 42 адам, 15 бас ірі қара, 25 ұсақ мүйізді мал және 30 бас құс эвакуацияланды.

Өртті сөндіру үшін Атырау қаласынан су төгу құрылғысы бар «Казавиаспас» АҚ МИ-884 тікұшағы тартылды. Тікұшақпен 18 мәрте жалпы көлемі 90 тонна болатын су әуеден төгілді. Өртті сөндіруге 93 адам, 11 техника, оның ішінде: БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 60 қызметкері мен 6 техникасы, Төтенше жағдайлар комитеті Апаттар медициналық орталығының 8 қызметкері мен 2 техникасы, Бударин орман шаруашылығының 15 қызметкері және 1 техникасы, жергілікті биліктің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Уақытылы қабылданған шаралар арқасында өрт 14 шілдеде сағат 19.02-де өшірілді. Өрт оранған аумақ 16 га. құрады. Қауіптін беті сейілген соң эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне кері оралды.

Тұрғындарды үйлерінен уақтылы эвакуациялаудың арқасында адам шығынына жол берілмеді.

Қатты жел мен ауаның ыстығына қарамастан өрт сөндірушілер қиын жағдайда өртті ең аз шығынмен оқшаулады.

Төтенше жағдайлар және орман шаруашылығы қызметкерлері жеке қалған ошақтарды жою жұмыстарын және өрт периметрі бойынша жергілікті билік пен орман шаруашылығы өрт болған аумақтың айналасын қазу жұмыстарын жүргізуде.

Бударин орман шаруашылығындағы өрт найзағайдың және ауа температурасының + 41ºC жетуінен орын алған. Аталған өрттің қауіптілігі 4 санатқа жататынын айта кеткен жөн.