
БҚО ТЖД қызметкерлері мен өрт сөндірушілер көп қабатты тұрғын үйлердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуде.
Орал қаласында, Абай даңғылы 219 мекенжайы бойынша, он екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде № 1 және № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері өрт сөндіру-тактикалық сабағын өткізді. Сабақ барысында халықты қауіпсіз жерге көшіру, адамдарды құтқару және өрт сөндіру бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды, сондай-ақ халықты өрт кезіндегі іс-қимылдарға оқыту жүргізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасына сәйкес Департамент қызметкерлері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлерімен және «Jaiyq jastary» еріктілерімен бірге үй тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізді. Мүлік иелері бірлестігінің өкілімен және 176 адамды қамтыған тұрғындармен нұсқаулықтар өткізіліп, көрнекі үгіт материалдары таратылды.
Бұдан басқа, тұрғын үйдің ауласында дауыс зорайтқыш байланыс арқылы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат жеткізілді. Сондай-ақ, үйлердің кіреберістерінде «Азбука безопасности 4D» деген қосымша нақтылық технологиясы бар төтенше жағдайлар жөніндегі плакаттар орналастырылған.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі