Эфирде: «Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік»

Эфирде: «Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік»

«Қауіпсіз жағажай» эфир тақырыбымен, «Давайте обсудим» бағдарламасының тікелей эфиріне,  ТЖД АҚБ қызметкері Дамир Бекпасов, ЖҚЖ сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Алексей Еремеев, БҚО бойынша АМО филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімі басшысының м.а. Айнаш Давлетова қатысты, сондай-ақ эфирге СЭС өкілі және жеке жағажай иелері қатысты.

Тікелей эфир барысында қатысушылар суға шомылу маусымын өткізуге қатысты мәселелерді, облыс пен қала аумағындағы қолданыстағы коммуналдық және жеке жағажайлардың санын талқылады, оларға қойылатын талаптар, оларды жабдықтау және жарақтандыру, сондай-ақ суға батқандарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-қимылдар түсіндірілді.

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі