
Орал қаласындағы Зашаған ауылында үйдің төбе жабыны жанды
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД # «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
2020 жылғы 14 шілде күні түнгі 02 сағат 49 минутта Орал қаласы Зашаған ауылы Талдысай көшесінде орналасқан жеке үйде өрт шыққаны жөнінде « ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.) ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабар түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына қызметтің № 3 МӨСБ және № 8 ӨБ қызметкерлері барып, барлау жұмыстары барысында 40 м/2 биіктікте жеке үйдің төбе жабыны жанғанын анықтады . Өрт түнгі 03 сағат 14 минутта ауыздықталып, түнгі 03 сағат 58 минутта толықтай өшірілді. Аталаған өртке Қызметтің жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.