
Казталов ауданы аумағында «Судағы қауіпсіздік» рейдтері жүргізілуде
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #Казталов #ТЖБ
2020 жылдың 10 шілдесінде Казталов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Е.Тасқалиев, Казталов аудандық әкім аппаратының ТЖ бойынша маманы А.Губашев және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп Қараөзен бойында орналасқан Жаңажол, Жалпақтал және Ақпәтер ауылдарында суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша рейдтік шаралар өткізді. Рейд барысында 1 жеке тұлға ҚР ӘҚБтК 364-бабы 1-бөлімінің «Ортақ суды пайдалану ережесін» бұзғаны үшін «ескерту» түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, суға түсіп жүрген балаларға «Суға түсу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау» бойынша жаднамалар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
БҚО ТЖД Казталов ауданының ТЖБ-нің инженері
азаматтық қорғау кіші лейтенанты қ/қ С.Г.Калдыбаев