Шыңғырлау ауданындағы ауыл шаруашылық техникаларына рейд жүргізілді 

Шыңғырлау ауданындағы ауыл шаруашылық техникаларына рейд жүргізілді 

Шыңғырлау ауданындағы ауыл шаруашылық техникаларына рейд жүргізілді          

 

Шыңғырлау ауданының  төтенше жағдайлар бөлімі және №23 Өрт сөндіру бекеті қызметкерлері бірлесіп ауыл шаруышылық техникаларына рейд шарасын ұйымдастырды.

Рейд барысында тракторшыларға, шаруа қожалықтарының жетекшілеріне жазық даладағы өрт қаупін болдырмау сияқты алдын алу шаралары, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникаларының қатты жем (шөп) дайындайтын жерлердегі зияндылығын азайту шаралары өткізілді.

Шыңғырлау ауданының  төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері өрт сөндірудің бастапқы құралдарын (трактор үшін – 1 өрт сөндіргіш, 1 өткір күрек, сыпырғыш және қылшақша) тексереді және жем-шөп жинайтындарға ұшқын ажыратқыштардың қызмет көрсетуіне аса мән беру керектігін ескертті, себебі оттан болатын әр ұқыпсыздық материалдық шығынға алып келеді және өрттің пайда болуына жол берген адамдар әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылатынын айтты.

Соңында тракторшыларға, шаруа қожалықтарының жетекшілеріне  өрт сөндіруге қарсы нұсқау өткізіп, оларға астық жинау және жем-шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсізідігін сақтау жөніндегі нұсқаулықты табыс етті.

 

Шыңғырлау ауданының ТЖБ

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #Шыңғырлау #ТЖБ