БҚО-да «Судағы қауіпсіздік, суға бату жағдайлары бойынша ақпарат және өрт қауіпті кезеңі» тақырыбында брифинг өтті
2020 жылы 14 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс отралығында «Судағы қауіпсіздік, суға бату жағдайлары бойынша ақпарат және өрт қауіпті кезеңі» тақырыбында брифинг өтті, спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы генерал-майор Ж.Қ. Жұмашев сөз сөйледі.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыс аумағында 3 орман, 8 дала өрті және жалпы көлемі 4654 га астам 180 жану орын алды.
Дала өрттері Сырым (3), Қаратөбе (2), Жаңақала (1), Казталов (1), Шыңғырлау(1) аудандарында орын алды. Дала өрттерінің жалпы көлемі 9363 га құрайды.
Спикердің айтуы бойынша, Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешу мақсатында 2020 жылдың өрт қауіпті маусымында өрттердің алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Соның ішінде облыс әкімімен 2020 жылғы өрт қауіпті маусымда облыс аумағында орман және дала өрттерін жою бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларының жоспары бекітілді.
Батыс Қазақстан облысының аумағында ғарыштық мониторинг жүргізілуде.
Сонымен қатар апта сайын ТЖД мобильді топтарымен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісіне жол бермеу мақсатында елді мекендер мен саяжай алқаптарында 172 рейдтік шаралар жүргізілді. Осындай іс- шаралар барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 және 367 баптарына сәйкес, қоқысты өртеу және орман алқаптарында от жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны 142 адам (Тасқала – 31, Бәйтерек – 28, Орал – 25, Бөрлі – 15) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдармен 17 өрт сөндіру бекеті құрылды. Облыс басшылығы бекіткен 2018-2020 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңмен құру жоспары аясында 7 өрт сөндіру бекеті құрылды. Қалған 10 бекет жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен құрылған. Дегенмен аталған өрт сөндіру бекеттері елді мекендердің өрт қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі уақытта облысқа 33 өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Дәнді дақылдарды жинау, мал азығын дайындау және оны тасымалдау, сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі жеке назар аударуды талап етеді. Бүгінгі брифингіміздің негізгі тақырыбы осы.
Облыс аумағында биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 513 мың га, жаздық дәнді дақылдарды 159 мың га, мал азықтық дақылдарды 42 мың га және майлы дақылдарды 76 мың га көлемінде себу жоспарланған және жоспарға сәйкес толық орындалған.
Жыл сайынғы өрт статистикасы бойынша дәнді дақылдарды жинау мен мал азығын дайындау кезеңінде өрттердің пайда болуы жиі тіркеледі, осыған байланысты аталған науқанда өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын орындауды қамтамасыз ету қажет.
Дала өрттерінің көп болуына және ауа райының қатты ыстық болуына байланысты дәнді дақыл еккен аудандарға қосымша техникалар бөлінді.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылық техникалары толықтай ұшқын сөндіргіштермен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталмаған.
Таңда мен Ақжайық ауданы, Бударин ауылдық округі, Коловертное ауылынан 10 шақырым жерде, "Бударин орманшылығы" КММ аумағында (өрт қауіптілігінің IV сыныбы) 5 га алаңдағы орман алқабында (терек, тал) орын алған өртке бардым. Өртті сөндіруге ТЖД (24 қызметкер және 2 бірлік техника), Орман шаруашылығы (15 жұмысшы және 1 бірлік техника), ЕӨҚ (10 жұмысшы және 2 бірлік техника) күштері жұмылдырылды. Өрттің себебі табиғи құбылыс болуы мүмкін (найзағай түсуі).
Дәндідақылдарды егу және жинау жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы ақпаратты қажет болған жағдайда электронды түрде немесе баспа түрінде ұсына аламыз.
Суға бату жағдайлары бойынша
Адамдарды құтқару азаматтық қорғау жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Департамент суға шомылу кезеңінде облыс халқының өмірі мен денсаулығын сақтауда кешенді шаралар жүргізеді.
2020 жылдың басынан бері облыс су айдындарында 12 адам қаза болды, бұл оқиғалар жабдықталмаған және тыйым салған орындарда орын алды, оның 6-ы бала. Құтқарылғаны – 2 адам. Қаза болудың негізгі себептері:
- баланың қараусыз суға түсуі - 5;
- мас күйде – 3;
- балық аулау кезінде – 1;
- абайсызда – 1.
Күннің ысуына (42 С – қа дейін) және қала мен аудан тұрғындарының жаппай суға шомылуына байланысты, облыс аумағында 4-11 шілде аралығында 8 адам қаза болған (Орал қаласы – 6, Ақжайық ауданы - 1 , Теректі ауданы - 1), оның 4-і бала.
Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себебі ата-аналардың суға шомылу кезінде балаларын бақыламауы, сондай-ақ карантин режимін бұза отырып жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде алкогольдік мас күйде суға түсуі.
Қазір суға түсу маусымы болса да карантин аяқталғанға дейін көпшіліктің суға түсу орындарына баруға болмайды. Су айдындарында рейдтер жүргізу барысында карантин кезінде тыйым салынған жерге демалуға келіп, ішімдік ішкен, судағы қауіпсіздік туралы ақпаратты жеткізу кезінде дөрекілік танытқан қала тұрғындары кездесті. Халықтың судағы қауіпсіздік мәселесіне салғырттығына жол берілмейді, себебі ол кейде қайғылы аяқталады.
2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (суда қаза болу – 16 оқиға, 18 адам қаза болды, оның ішінде 5 бала) су айдындарында адамдардың қаза болу жағдайлары 25%-ға(12), су айдындарында адамдардың қаза болуы 33,3%-ға(12) азайғаны байқалады.
Өткен аптада БҚО ТЖ департаменті полиция қызметкерлерімен бірлесіп облыс орталығындағы су айдындарының 9 ең қауіпті орындарында (Желаев карьері, жасанды су айдыны; Деркөл кенті, Деркөл өзені; Жайық өзенінің «Металлист» зауыты; Жайық өзенінің «Стэлла» зауыты; Жайық өзенінің Коминтерн кенті; Асан кенті, «Ранчо» жағажайы; Шаған өзені; Жайық өзенінің Елизаров көшесі; Жайық өзенінің «Курени» ауданының ескі соборы) және облыс аудандарының 13 шомылу орнында адамдар қазасының алдын алу бойынша 2 рейд (9 және 11 шілде) өткізді.
Аталған іс-шараларды өткізуге БҚО ТЖД ж/қ 86 адам, 14 техника (УАЗ құлақтандыру) және 3 қайық, сондай-ақ 20 полиция қызметкері жұмылдырылды.
Судағы қауіпсіздік ережелері туралы 1530 үнпарақ таратылды.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері рейд жүргізу кезінде ӘҚБтК 364-бабы бойынша 7 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Күн сайын облыс су айдындарында бекітілген жоспарға сәйкес БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ЖҚЖ-ның 3 моторлы қайығы мен 6 құтқарушысы (Орал қаласы, Жайық өзені; Ақжайық ауданы, Жайық өзені; Теректі ауданы, "Шалқар" демалыс аймағы, Шалқар көлі) су айдындарында патрульдеуді жүргізеді.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті халықтың облыс су айдындарындағы қазасына жол бермеу мақсатында азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
БҚО ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы