Көп пәтерлі үйлерде алдын алу жұмыстары

Көп пәтерлі үйлерде алдын алу жұмыстары

Рейдтік іс-шара аясында Департамент қызметкерлері Жаңа Орда, Жеңіс және Қонаев шағын аудандарында биіктігі 28 метрден асатын көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ балалардың терезеден құлауының жазатайым оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыс жүргізді.

 

Рейд барысында 18 үйдің өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстары жүргізілді, анықталған бұзушылықтар қарапайым серіктестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің және пәтер иелері кооперативтерінің өкілдеріне түсіндірілді. Тұрғындармен және үйлерді басқару нысандарының өкілдерімен жалпы саны 1347 адамды қамтитын нұсқаулық жүргізіліп, көрнекі үгіт материалдары таратылды.

 

Сонымен қатар, Абай, Әбілқайыр хан даңғылдары мен үйлердің аулаларында дауыстап хабарлау жүйесі іске қосылды, оның көмегімен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат жеткізілді. Сондай-ақ, 4D формасындағы ақпараттық жадынамалар ілінді.

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі