
Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінің басынан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында 8 дала өрті және жалпы көлемі 4654 га құрайтын 180 табиғи жанулар орын алды. Қазіргі уақытта облыс аумағында егін алқаптарында өрт оқиғалары орын алған жоқ.
Облыстың астықты аудандары яғни Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Шыңғырлау және Тасқала аудандары ерекше бақылауда. Жалпы облыста егін алқабының көлемі – 525 мың га.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты түрде егінді және мал азығын жинау кезіндегі өрттердің алдын алу мақсатында шаруа қожалықтары мен басқа да ауыл шаруашылығы ұйымдарымен және ондағы жұмысшылармен егіс және дала алқаптарында өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларын жергілікті атқарушы органдары, ауыл шаруашылығы өкілдерімен, полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексерулер жүргізілуде. Қатысушылардың назары техниканың от ұшқындарын сөндіргіштерсіз жұмыс істеуін жібермеуге, оларды ақаусыз өрт сөндіргіш құралдарымен (өрт сөндіргіштер, өртке қарсы жапқыштар, құм, сыпырғыш, күректермен және т.б.) қамтамасыз етуге, минералданған қорғаныш жолағының болуына, өрт қауіпсіздік шаралары жөнінде жұмысқа тартылған барлық адамдарды нұсқаулықтан өткізуге, өрт болған жағдайдағы іс-әрекет және өртке қарсы қызметке дер кезінде хабарлауға аударылды.
Одан басқа түсіндіру жұмыстары барысында өрт қауіпсіздік талаптарын орындамағаны үшін қарастырылған лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі баяндалды және қатысушыларға Дәнді дақылдарды жинау және мал азығын дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар таратылды.
Далалық жұмыстарды жүргізу кезінде қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары:
Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен, «101» немесе «112» нөмірін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң ұстансаңыз өз өміріңіз бен дүние мүлкіңізді сақтай аласыз.