
Батыс өңірінде мемлекеттік қызметшілер мен журналистер күніне орай жарыс өтті.
Жедел құтқару жасағы базасында қызмет бабында тығыз жұмыс жасайтын облыстағы бірқатар БАҚ өкілдері және департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында жарыс ұйымдастырылды.
Қатысушылар уақыт бойынша берілген тапсырмаларды орындау кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызметтерінің қиын, күрделі әрі қызықты екенін тағы да бір мәрте дәлелдеді.
Қатысушыларға белсенді қатысқаны және жүлделі орындар үшін Алғыс хат, мерекелік сый және жүлделі орындар табыс етілді.
Өз кәсіптеріне адал мемлекеттік қызметшілерге және ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан журналистердің игі істеріне табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!