
Казталов ауданы аумағында «Судағы қауіпсіздік» рейдтері жүргізілуде
2020 жылы 9 шілдеде «Судағы қауіпсіздік» бойынша Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Төтенше жагдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты С.Г. Қалдыбаев және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі участкелік полиция инспекторы М.А. Тлеубаев бірлесіп рейдтер жүргізді.
Рейдтік жұмыстар жүргізу барысында аудан аумағындағы су айдындарын қарап, суда шомылып жатқан адамдарға судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су жағасында байқалған кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына ескертілді, су айдындарында кездескен адамдарға және ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жаднамалар таратылды.
БҚО ТЖД Казталов ауданының ТЖБ-нің инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты қ/қ С.Г.Калдыбаев