
Құтқарушылар балаларға төтенше жағдай кезіңде қарапайым дағдылар мен қауіпсіздік мәдениетін көрсетті.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері су айдындарында жазатайым оқиғалардың туындау қаупін азайту, балаларды судағы қауіпсіздік дағдыларына үйрету, білімдерін нығайту мақсатында қалалық демалыс саябағында «Қауіпсіз балалық шақ» ашық аспан астындағы қауіпсіздік мектебінің кезекті сабағын ұйымдастырды.
Іс-шараға 102 бала қатысқан болатын.