Суда қаза болудың жаңа жағдайлары. Абай болыңыз!

Суда қаза болудың жаңа жағдайлары. Абай болыңыз!

Суда қаза болудың жаңа жағдайлары. Абай болыңыз!

 

Ауа райы ыстық, ал бұл адамдарды суға түсуге жиі баруға итермелейтін жағдай. Суға шомылу маусымы қызған кез. Судағы барлық жазатайым оқиғалар жабдықталмаған жерлерде суға түсуден немесе қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін бұзудан туындайды.

Ең қорқыныштысы, балалардың қаза болуы. Орал қаласында 17 жасар бала суға батып кетті. Дүйсенбі күні Рыбцех кентінде Шаған өзенінде суға шомылу үшін жабдықталмаған жерде 6 жасар бала суға батып кетті, сондай-ақ Желаев ауылында, "Русские бани" ауданында жасанды су қоймасында (карьер) 16 жасар бала суға батты. Сейсенбі күні Серебряково ауылында Көшім каналының жергілікті тұрғыны 11 жасар қыздың денесін алып шықты.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар саласындағы жұмыстың қызу жүріп жатқан кезі. Суға шомылу орындарындағы рейдтер барысында демалушыларған нұсқаулық жүргізіледі. ТЖ қызметкерлерінің негізгі ұсыныстары, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау: жабдықталмаған жерлерде суға түспеу, суда мас күйде болмау, балаларды бақылау.

Егер сіз су қоймасына балалармен бірге келсеңіз, әр минут сайын сергек болыңыз, балалардан көзден таса қылмаңыз. Суға кеткен балалардың ата-аналары: «Осы жерде жаңа ғана жүрген», «бір минутқа алаңдадым» - деп жауап береді.

Балалар үнсіз батып кетеді. Тек ересектердің қырағылығы оларды қайғыдан қорғай алады.

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары өздеріңізді, жақындарыңызды сақтап, абай болыңыз!

 

Бөрлі ауданы ТЖБ