БҚО-да судағы жазатайым оқиғаларға жол бермейік
Өткен демалыс және мереке күндері (а.ж. 4-7 шілде) Батыс қазақстан су қоймаларында қала тұрғындарының жаппай шомылуына және ауа температурасының жоғарылауына байланысты облыс су қоймаларында
6 адам қаза болды, оның ішінде 4 бала суға батып кеткен. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себебі суға шомылу кезінде балаларға ата-аналары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, суға шомылу кезінде алкогольдік ішімдіктерді қолдану.
Суға батудың соңғы жағдайы 7 шілде күні кешкі уақытта Батыс Қазақстан облысы Серебряково ауылындағы Көшім каналында орын алып, кәмелетке толмаған 2009 ж.т. (су айдынында достарымен болған) қыз бала суға батып кетті. Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жасөспірімнің денесін жергілікті тұрғындар тауып алды.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Су айдындарындағы демалыс орындарында болған кезде келесілерге:
мас күйінде суға кіруге және шомылуға;
қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
жүзу шекарасын көрсететін буйкалардың артына жүзуге;
жүзуге арналмаған заттарда жүзуге;
қайықтарға жақындауға;
су қоймаларын ластауға және бітеуге;
шымтезек демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін жағада және шешіну бөлмелерінде қоқыс қалдыруға;
техникалық және ескерту белгілеріне, буйкалардың басына көтеріліп шығуға;
балаларға ересектердің еріп жүруінсіз суға кіруге;
суға шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
Құрметті облыс, қала, аудан тұрғындары Төтенше жағдайлар департаменті облыс су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.
БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің
офицері аға лейтенант Қалиев А.М.