
БҚО Ақжайық ауданының су айдындарындағы рейдтік жұмыстар
Ауа температурасының қатты ыстық болуына байланысты су айдындарында суға шомылушылардың саны артты. Осы жағдайға байланысты су айдындарында суға шомылу кезінде міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтап, тыйым салынған жерлерге суға түспеуді ескертеміз. Осы жылда судағы келеңсіз оқиғалар қайталанбас үшін Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, учаскелік полиция және №6 Жедел құтқару бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесіп рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд кезінде су айдындарына жақын жүрген демалушылар мен жас балаларға судағы қауіпсізідік ережелері түсіндіріліп, жаднамалар таратылды. Осы жұмыстардың барлығы бір ғана мақсатқа, ең қымбат адамның өмірін сақтауға жұмылдырылған. Естен шығармаңыздар:
Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Өкінішке орай кейбір жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін сақтамауы орны толмас қайғы мен өкінішке әкеліп жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді сақтаңыз!!!
БҚО ТЖД Ақжайық ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Б.Кенжеғали