Қазіргі таңда жеке құрам арасында суицидтің, лудомания және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Отбасындағы қиындықтар және алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Шараға БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Д. Саттарова, облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі М. Хамзина және дәрігер-нарколог С. Разумец қатысты.
Іс-шара барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.