
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті базасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті.
Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған әкелеріміз бен аталарымыздың, Отан қорғап жүрген жауынгерлер мен офицерлерге, бейбіт күні дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
Зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің 79-шы көктемін тойлап отырмыз. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
Шараның алғы сөзінде Департамент бастығы полковник Р. Қасыбаев қызметкерлерді мерекемен құттықтап, жеке құрамға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ш. Әріновтің құттықтау хатын жеткізген болатын.
Сондай-ақ, Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай және облыс аумағында орын алған су тасқыны кезеңінде өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін үлгілі және адал атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлерді Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен, оның ішінде өз атынан және облыс әкімінің атынан Алғыс хаттармен марапаттады.