
Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 24 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.
Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы).
Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).
Саяжайлардағы 2 994 үйді су басты.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.
Жайық өзені бойынша судың келуі 3000 м3 /сек.
Жайық өзенінің тасқын ағынының нәтижесінде өзендердің жайылма бөлігінде орналасқан Орал қаласының саяжай массивтері су астында қалды.
Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.
Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/нақты): Жайық - 850 см/777 см.
13 732 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 703 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 2 300 адам орналасқан, оның ішінде 1 062 бала, 11 432 адам туыстарында.
4 915 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1 020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 844 мың дана қапшық және 5 857 мың тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 6 507 адам, 1 201 бірлік техника, 196 бірлік су сору құралы, 101 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.
Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 7 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды.