БҚО-дағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

БҚО-дағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы     1 судың өтуі және 25 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.

Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы).

Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).

1905 саяжайды су басты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.

Жайық өзені бойынша судың келуі 3000 м3 /сек.

Шаған және Деркөл өзендерінің тасқын ағынының нәтижесінде өзендердің жайылма бөлігінде орналасқан Орал қаласының саяжай массивтері су астында қалды.

Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.

Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/нақты): Жайық - 850 см/778 см.

13 614 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 653 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 2 189 адам орналасқан, оның ішінде 1 052 бала, 11 425 адам туыстарында.

4 907 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 771 мың дана қапшық және 3 882 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 6 478 адам, 1 219 бірлік техника, 196 бірлік су сору құралы, 156 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.

Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 7 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды.