БҚО-дағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

БҚО-дағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 38 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.

Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы).

1905 саяжайды су басты.

Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).

Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/ нақты): Жайық - 850 см/755 см.

13 193 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 522 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 1 733 адам орналасқан, оның ішінде    780 бала, 11 460 адам туыстарында.

4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды (оның ішінде ірі қара – 2351, үсақ мал – 2482, жылқы малы – 52, түйе – 1).

Облыс бойынша барлығы 1 021 мың м3 еріген қар суы сорылды, 501 мың дана қапшық және 3 397 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 5 553 (ТЖМ – 626, ІІМ – 45, ҰГ – 836, ҚМ – 568, ЖАО – 2738, ұйымдар - 740) адам, 683 (ТЖМ – 84, ІІМ – 18, ҰГ – 8, ҚМ – 21, ЖАО – 552) бірлік техника, 114 (ТЖМ – 69, ЖАО – 45) бірлік су сору құралы, 85 (ТЖМ – 28, ЖАО – 57) дана жүзу құралы және 3 (ҰГ – 1, Қазавиақұтқару – 3) вертолет жұмылдырылған.

Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 6 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды.