БҚО-да гуманитарлық жүктерді жеткізу жалғасуда

БҚО-да гуманитарлық жүктерді жеткізу жалғасуда

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қарақамыс ауылына "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8 тікұшағымен Төтенше жағдайлар Департаментінің көмегімен Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан 2 тонна көлемінде гуманитарлық жүк (Тамақ өнімдері) жеткізілді.

Қарақамыс ауылы қазіргі уақытта көлік қатынасынсыз қалып отыр. 

Сонымен қатар Қарақамыс ауылынан 6 адам, оның ішінде 4 бала Орал қаласына эвакуацияланды.

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі