
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Нұрлан Байбазаров жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Сапардың басты мақсаты – облыстағы су тасқыны жағдайын тұрақтандыру жұмыстарын үйлестіру.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен су тасқыны жағдайы туралы жедел кеңес өткізді.
Облыста су тасқыны қаупі әлі де жоғары. Облыстың 5 ауданы мен Орал қаласында бірнеше тұрғын үйді, сондай-ақ, Орал қаласының маңындағы саяжайларды су басты.