ТЖ Вице-министрі Е. Нұрпейісов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында БҚО ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Р. Касыбаевпен бірге су тасқыны қауіпті аумақтарды тікұшақпен аралады.
Тікұшақпен аралау барысында өңірдегі су тасқыны жағдайының деңгейін байқалды.
Сондай-ақ, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарындағы жағдаймен танысты.
Қазіргі уақытта 13 су құю учаскесі және 60 су шаю учаскесі бақылауда тұр.
Көлік қатынасы жоқ 10 елдімекен бар. Аталған елдімекендердің азық-түлік дүкендерінде азық-түлік қоры алдын ала ұйымдастырылған.
Қауіпсіз жерлерге 3 мыңнан астам үй жануарлары айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 204 мыңнан астам дана қапшық төселді, қазіргі уақытта 1979 адам, 365 бірлік техника, 76 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.
Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД және Алматы облысы № 28237 әскери бөлімінің жиынтық топтары жұмылдырылған.