
2024 жылғы 29 наурызда Батыс Қазақстан облысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Е. Нұрпейісов ТЖД жеке құрамымен шұғыл жиын өткізіп, халықты және аумақты құтқару жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиев және Парламент мәжілісінің депутаттары С. Пономарев, Н. Сарсенғалиевпен бірге облыстың су тасқыны жағдайы күрделі аймақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында дала алқаптарындағы қар және гидротехникалық құрылыстардың жағдайлары қаралды.