
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында қардың қарқынды еруі және жаңбып түріндегі жауын-шашынның салдарынан Жақсыбай өзенінің сағасы көтеріліп, 30 жеке тұрғын үй су астында қалды. Шамамен 300-400-ге жуық адам Қоржын ауылының ауылдық мектебіне көшірілді.
Автокөлік қозғалысы тоқтатылды.
Қалыптасқан су тасқынының қауіпті жағдайына мониторинг жүргізу, сондай-ақ, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында жедел штаб Орал қаласының «ӨС және АҚЖҚ» РММ күштері мен құралдарын Қаратөбе ауданының Аққозы және Шалғын ауылдарына жіберу туралы шешім қабылдады.
Құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 24 адам, 5 бірлік техника және 4 мотопомпа тартылатын болады. Топтың жетекшісі болып, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Рустам Кубашев тағайындалды.
Қаратөбе ауданы бойынша төтенше жағдай режимі енгізілді.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі