Батыс Қазақстан облысындағы жағдай туралы

Батыс Қазақстан облысындағы жағдай туралы

2024 жылғы 26 наурызда сағат 08:00-ден бастап төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб құрылып, оның құрамында облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері бар.

Облыстық штабтың жедел желісі жұмыс жасауда 8 (7112)55-40-88). 

25 наурыздан үйлерге судың кіруі және еріген қар суын сору бойынша барлығы 1345 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1013 өтінім пысықталып, 332 өтінім бақылауда.

Облыс бойынша барлығы 214264 куб. м. еріген қар суы сорылып, 12065 дана қап салынды. Қазіргі уақытта жұмыстарға ТЖД және ЖАО-дан 659 адам, 208 бірлік техника, 123 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.

Қардың қарқынды еруі, жаңбыр түріндегі жауын-шашынның нәтижесінде, сондай-ақ, кәріздегі ағынды сулармен барлығы 90 тұрғын үйге, 5 көп қабатты тұрғын үйлердің, 17 әлеуметтік нысанның жертөлелеріне су кірді, оның ішінде 95 су кірген нысан бақылауда.

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі