БҚО-да еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда

БҚО-да еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысы бойынша тәулік ішінде еріген қар суын сору бойынша      701 өтінім келіп түсті. Оның ішінде, төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдар 609 өтінімді пысықтады, 92 өтінім бақылауда.

Тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.

Тәулігіне барлығы 96890 м3 еріген қар суы сорылды, оған 732 адам (ТЖД-102, ЖАО-630), 190 бірлік техника (ТЖД-26, ЖАО-164), 136 бірлік мотопомпа (ТЖД-26, ЖАО-110) тартылды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша қардың көп еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар автожолдарда су өтуі 5 жерде байқалды.

Елдімекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Су өту орындарында кезекшілік ұйымдастырылған.

Ағымдағы жылғы 26 наурыз 14.00-ден 8 (7112) 55-40-88 телефон номері бойынша жедел желі жұмыс жасауда. 17 сағат 00 минутта ақпараттық сипатта 22 қоңырау түсті.

Сондай-ақ, № 99250 әскери бөлімінің (Аумақтық қорғаныс бригадасы) күштері мен құралдары жалпы саны 50 адам және 2 бірлік техника Досмұхамедов көшесі 16 және Зашаған кенті, Шора батыр және С.Рахимов көшелерінің қиылысында қаптарды төсеуге жұмылдырылды.

Облыс бойынша барлығы 2940 дана қап салынған, оның ішінде, Орал қаласы – 2000 дана, Қаратөбе ауданы – 600 д., Сырым ауданы – 300 д., Теректі ауданы – 40 д.

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі