Батыс Қазақстан облысы бойынша жағдай туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша жағдай туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша тәулік ішінде еріген қар суын сору бойынша      696 өтінім келіп түсті. Оның ішінде, төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдар 609 өтінімді пысықтады, 87 өтінім бақылауда.

Тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ.

Тәулігіне барлығы 39835 м3 еріген қар суы сорылды, оған 370 адам (ТЖД-56, ЖАО-314), 157 бірлік техника (ТЖД-14, ЖАО-143), 85 бірлік мотопомпа (ТЖД-14, ЖАО-71) тартылды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша қардың көп еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар автожолдарда су өтуі 5 жерде байқалды:

1)        25.03. 11.30 Ақжайық ауданы, Құрайлысай а/о, Аттибек қыстағы, аудандық маңызы бар 7 ш. «Жұбан-Сайқұдық» а/ж.

Бұл учаске лента және жол белгілерімен қоршалған. Айналма жол бар.

2)        25.03. 14.05 Жәнібек ауданы, Жақсыбай а/о аудандық маңызы бар «Жәнібек-Таловка-Кіші өзен» автожолының 3 ойпатты учаскесінде судың жолдан өтуі орын алды:

- Борсы ауылы а/ж 1 ш. кіреберіс;

- «Жәнібек-Талов-Кіші өзен» а/ж 103 ш.;

- Жақсыбай ауылы а/ж 1 ш. кіреберіс.

Көлік қозғалысы бұзылған жоқ. Бұл учаске лента және жол белгілерімен қоршалған

3) 25.03. 23.00-де Теректі ауданы, Шалқар а/о, Сарыөмірр ауылынан 9 ш. жерде, қардың көп еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар (топырақ) "Сарыөмір-Дуана» автожолының 2 ойпатты учаскесінде судың жолдан өтуі болды:

 - 9 ш. а/ж;

 - 10 ш. а/ж.

Көлік қозғалысы тоқтатылды. Дуана ауылымен көлік байланысы жоқ.

4) 26.03. 11.43-те Теректі ауданы, Аңқаты а/о, Кандык ауылына 0,1 ш. жерде, аудандық маңызы бар «Сарыөмір-Аңқаты» автожолы арқылы судың өтуі болды.

Көлік қозғалысы бұзылған жоқ.

5) 26.03. 12.30-да Теректі ауданы, Богдановка а/о, облыстық маңызы бар «Теректі-Ақсай» автожолының 19 шақырымында, Богдановка ауылынан 1 шақырымда қардың мейлінше еруі нәтижесінде, жолдан судың өтуі орын алды. Көлік қозғалысы бұзылған жоқ.

Елдімекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Су өту орындарында кезекшілік ұйымдастырылған.

Облыс бойынша барлығы 2840 дана қап салынған, оның ішінде, Орал қаласы – 2000 дана, Қаратөбе ауданы – 500 д., Сырым ауданы – 300 д., Теректі ауданы – 40 д.